Жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі туралы
2009 жылғы 24 наурыздан 24 маусымға дейінгі кезеңде тауар нарықтарына жүргізілген талдаулар туралы
- өз салалар саласында мынадай талдаулар жүргізілді:
1) Қазақстан Республикасының өңірлер бөлігінде азық-түлік тауарларын бөлшек саудамен сату нарығын талдау, оның нәтижесі бойынша Агенттіктің 2009 жылғы 29 мамырдағы №157-НҚ бұйрығымен Тізілімге Ақтөбе қаласы бойынша «Анвар» ЖШС және Атырау қаласында «Идеал Маркет» ЖШС, «Атаба компанияларының тобы» ЖШС енгізілді.
2) Қантты өндіру және сату нарығын талдау, оның нәтижесі бойынша аталған нарықта бәсекелестікті дамыту туралы ұсыныстармен Қазақстан Республикасының Үкіметіне хат жіберілді.
Көлік және байланыс саласында мынадай талдаулар жүргізілді:
1) қалаішілік жолаушылар тасымалдау нарығын талдау, оның нәтижесі бойынша аталған нарықта бәсекелестікті дамыту туралы ҚР Үкіметіне ұсыныс жіберілді.
Тізілімде субъектілердің болуының тиімсіздігіне байланысты Агенттіктің 2009 жылғы 29 мамырдағы №57-НҚ бұйрығымен 22 нарық субъектісі алып тасталды.
2) Темір жол көлігімен жолаушыларды тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызмет нарығын талдау.
2008 жылдың қорытындысы бойынша темір жол көлігімен жолаушыларды тасымалдау нарығына жүргізілген талдаудың нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігіне жаңа компаниялар нарығына кіру үшін бар және аталған нарықта бәсекелестіктің дамуына кедергі болатын тосқауылдар туралы ұсыныс, сондай-ақ темір жол жолаушылар тасымалдау нарығын монополиясыздандыру жөніндегі ұсыныстар мен іс-шаралар жіберілді.
3) Алматы қ. бойынша ақылы анықтамалық қызмет нарығына талдау жүргізілді, оның нәтижесі бойынша Агенттіктің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 11-НҚ бұйрығымен Тізілімге «A-Mega Tel» ЖШС енгізілді.
-отын-энергетикалық кешен саласында мынадай талдаулар енгізілді:
1) ЖМС арқылы бензинді сату жөніндегі көрсетілетін қызмет нарығына талдау жүргізілді, оның нәтижесі бойынша, Агенттіктің 2009 жылғы 21 сәуірдегі №120-НҚ бұйрығымен «ЖМС арқылы бензинді сату» қызметі түрі бойынша мынадай субъектілер енгізілді:
Алматы қ. географиялық шекараларында «Достық ЖМС»ЖШС, «Petro Kazakhstan Retail Marketing» ЖШС үстем жиынтық үлес бойынша 50%-дан жоғары.
2) Газ жабдықтарын және газ толтыру станциясының мүлігін жалға беру бойынша көрсетілетін қызмет нарығына талдау жүргізілді, оның нәтижесі бойынша Агенттіктің 2009 жылғы 21 сәуірдегі №120-НҚ және 2009 жылғы 23 маусымдағы №193-НҚ бұйрықтарымен Солтүстік Қазақстан облысының Петрпавл қ. географиялық шекараларында «Profit House Group» ЖШС енгізілді.
3) сынабы бар шамды сынаптан тазалау (демеркуризациялау) нарығына талдау жүргізілді, оның нәтижесі бойынша 100%-дан «35%-дан жоғары» дейін Маңғыстау облысының географиялық шекараларында сынабы бар шамдарды сынаптан тазалау қызметі бойынша «МАЭК-Казатомпром» ЖШС үстем үлесін өзгерту туралы Тізілімге өзгеріс енгізілді.
4) Табиғи газға коммуналдық төлемдер жинақтау жөніндегі нарыққа талдау жүргізілді, оның нәтижесі бойынша Агенттіктің 2009 жылғы 29 мамырдағы №157-НҚ бұйрығымен Алматы қ. бойынша географиялық шекаралардан «КСК-Сервис» ЖШС алып тастау бөлігіне өзгерістер енгізілді.
5) Бензинді және дизель отынын бөлшек саудада сатуға талдау жүргізілді, оның нәтижесі бойынша Агенттіктің 2009 жылғы 23 маусымдағы №193-НҚ бұйрығымен Астана қ. бойынша географиялық шекараларда «Аурика» ЖШС алып тастау бөлігіне өзгерістер енгізілді.
6) Мұнай өнімдерін сақтау бойынша көрсетілетін қызмет нарығына талдау жүргізілді, оның нәтижесі бойынша «мұнай өнімдерін сақтау» қызмет түрі бойынша Агенттіктің 2009 жылғы 23 маусымдағы №193-НҚ бұйрығымен Тізілімге мынадай субъектілер енгізілді:
- Алматы облысы Талдықорған өңірінің географиялық шекараларында «Қара май Продактс» ЖШС, «СЕЮК» ЖШС және «Сарыөзек Мұнай өнімдері» ЖШС үстем жиынтық үлес бойынша 50%-дан жоғары.
- Қызылорда қ. географиялық шекараларында «ҚОР Мұнай компаниясы» АҚ және «Қорқыт Ата» Әуежайы» АҚ үстем жиынтық үлес бойынша 50%-дан жоғары.
Қызылорда қ. географиялық шекараларында «Сонар и К» ЖШС Тізілімнен алып тасталды.
7) Мұнай ілеспе газды жеткізу бойынша көрсетілетін қызмет нарығына талдау жүргізілді, оның нәтижесі бойынша Қызылорда облысының географиялық шекараларында «мұнай ілеспе газын жеткізу» қызмет түрі бойынша «СП «ҚазГерМұнай» ЖШС үстем үлесі 100% расталды.















