Жолдауды іске асыру
Мемлекет басшысының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын ақпараттық сүйемелдеу бойынша ұйымдастыру-практикалық іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде Агенттік есепті кезеңде қоғамдық және іскер топтар өкілдерімен кездесулер өткізді (Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары).
Агенттік қызметкерлері республикалық ақпараттық-насихаттау топтарының құрамында Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау облыстарында және Алматы қаласында Жолдаудың негізгі ережелерін насихаттау мен түсіндіруге қатысты.
















