Тағылымдамалар, семинарлар
Тағылымдамадан өту, семинарлар
2009 жылғы 1 сәуірден 15 мамырға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік банк арасындағы бірлескен экономикалық зерттеулер Бағдарламасының іс-шараларын іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) қызметкерлері үшін оқытылатын семинарлар жүргізіледі.
Семинарлардың кешенді бағдарламасы бәсекелестікті қорғау саясатының негізгі бағыттары бойынша 6 сессиядан тұрады және тауар нарықтарын талдаудың теориялық әдістемесін және талдамалық аспабына оқытуды, үстем жағдайды теріс пайдалану мәселелері жөнінде әлемдік тәжірибеден нақты мысалдарды қарауды, нарық субъектілері арасында картелдер, ымыраласу, сондай-ақ көлбеу және тікелей келісімдер ұйымдастыру болжанады.
Семинарды АҚШ Федералдық сауда комиссиясының және әділет департаментінің өкілдері, атап айтсақ АҚШ Федералдық комиссиясының комиссары – Билл Ковачич, АҚШ Әділет департаментінің экономикалық зерттеулер басшысы – Рассел Питтман, сондай-ақ АҚШ Федералдық сауда комиссиясының халықаралық қатынастар жөніндегі офис директорының орынбасары – Рассел Дамтофт. Олардың барлығы өтпелі экономикасы бар елдерде осындай оқытуларды жүргізді және бәсекелестікті қорғау саласында он жылдан астам тәжірибесі бар.
Семинарлар нәтижесі бойынша қызметімен егжей-тегжейлі танысу және тәжірибе алмасу мақсатында бәсекелестікті қорғау жөніндегі шетел ведомстволарының біріне тағылымдамадан өтуге бір немесе екі қатысушыны жіберу мүмкіндігі көзделген.
«Қазақстан Республикасының қаржы нарықтарын талдау» тақырыбына семинар
2009 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінде (Монополияға қарсы агенттік) экономикалық реформалардың негізгі аспектілерін нығайту жөнінде көмек көрсету аясында АҚШ халықаралық даму агенттігі «Қазақстан Республикасының қаржы нарығын талдау» таақырыбына екінші тұсаукесер-семинарын өткізді. Қазіргі уақытта аталған тақырып айрықша белсенді болып табылады.
Семинарда мынадай компоненттерді өзіне қосатын қаржы нарықтарын егжей-тегжейлі талдау жүргізілді:
- Қаржы нарықтарының жалпы сипаттамасы;
- Қазақстанның қаржы нарығында негізгі ойыншы;
- Қаржы нарығында мемлекеттік және шетелдік қатысу үлесі;
- Қаржы нарығында бәсекелес ортаны талдау;
- Қазақстан қаржы нарығының бәсекеге қабілеттілігі, қазақстандық және шетел қаржы нарықтарының бәсекеге қабілеттілігін салыстырмалы талдау (Ресей Федерациясын қоса алғанда);
- Заңнамалық база және реттеу.
Бұдан басқа, семинарда қаржы нарығының қызмет етуінің тиімділігі мен ашықтығының негізгі принциптері, қаржы ұйымдарының арасында экономикалық шоғырлану серпіні ашылды, адал бәсекелестік жолында қаржы ұйымдарына кездесетін тосқауылдар, орталық және өңірлік деңгейде бәсекелестік деңгейі айқындалды, сондай-ақ қаржы нарығында бәсекелестікке қарсы іс-қимылдардың, келісімдер, бағалық ымыралардың кейбір моделдері келтірілді.
Семинар жұмысында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің, Қазақстан Қаржыгерлер Қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) және «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ қызметкерлері қатысты.
«Үстем жағдайды теріс пайдалану» тақырыбына арналған Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі үшін оқыту курсы















