Жалпы ақпарат

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан әрі – Агенттік) Үкіметтің құрамына кірмейтін тиісті тауар нарықтарында бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу және тұтынушылардың заңды мүдделерін қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді және өзге де арнайы атқарушылық, рұқсат ету және бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қазандағы № 425 Жарлығына сәйкес таратылған Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) құрылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 141 қаулысымен Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) туралы ереже бекітілді.
Агенттіктің аумақтық бөлімшелері - өңірлік инспекциялары болады.















