Жаңалықтар мұрағаты


 

 

 

 

 

 

 

счетчик посещений
«Интернет Решения»
компаниясымен өндірілген

Басқарма


Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) басқармасы монополияға қарсы органның басшысы болып табылатын монополияға қарсы органның алқалы басқару органы болып табылады. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
Монополияға қарсы орган басқармасының құзыретіне: бәсекелестік саясатын қалыптастыру және дамыту саласындағы басымдықтарды айқындау; монополияға қарсы органның құзыретіне жатқызылған әдістемелерді бекіту; экономикалық шоғырлануға келісім беру немесе тыйым салу туралы, осы шешімдерді қайта қарау немесе күшін жою туралы шешімдер қабылдау; жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі және монополистік қызметті шектеу жөнінде қабылданатын шаралар туралы жыл сайынғы жылдық есепті мақұлдау және т.б. мәселелері кіреді.



Басқарманың құрамы


Басқарма бес адамнан тұрады. Басқарма құрамына монополияға қарсы органның басшысы, оның орынбасарлары және Қазақстан Республикасының Үкіметінен екі өкіл кіреді. Қазақстан Республикасының Үкіметінен Басқарма мүшелерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен тағайындайды және босатады.




Басқарма отырыстарының хаттамалары

басы | бұдан бұрынғы | 1 | келесі | соңы








 
 
 
 
 
 
 
 
Cіз Кедендік одақтан не күтесіз?





 
 

Казахских тенге курсы валют Прага
(RUB) //-//
Евро (EUR) //-//
Доллар США (USD) //-//