Жаңалықтар мұрағаты


 

 

 

 

 

 

«Интернет Решения»
компаниясымен өндірілген

Жаңалықтар таспасы

22 наурыздың 2009 ж.

Газета «Ел» от 22 марта 2009г.
Жосықсыз бәсекелестікке жол жоқ

Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ілігудің бірден бір жолы еліміздегі бизнестік ортаны жақсартып, оны барынша дамыту арқылы дүниежүзілік рейтинг биігіне беттеу екендігі әмбеге аян. Осы ретте біз “Монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын анықтау және жолын кесу” департаментінің директоры А.Т.АЙТЖАНОВҚА жолығып, сұрақ-жауап өткіздік.


- “Бәсекелестік туралы” ҚР Заңын бұзушылыққа не жатады?
- “Бәсекелестік туралы” Қазақстан Республикасының Заңында нарық субъектісінің бәсекелестікке қарсы келісімдерді жасасуға, бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттерді жасауға, үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалануға, жосықсыз бәсекеге және мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттеріне тыйым салынған.

- Бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер қалай белгіленеді?
- Бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер мынадай:
  1) тауарларды сатып алудың немесе өткізудің келісілген бағаларын не басқа жағдайларын белгілеуге және (немесе) ұстап тұру;
  2) тауарларды өндіруді не өткізуді негізсіз шектеу;
  3) белгілі бір сатушылармен (өнім берушілермен) не сатып алушылармен шарттар жасасудан негізсіз бас тарту не жалтару;
  4) басқа нарық субъектілерімен маңызы бірдей шарттарға кемсітетін талаптар қолдану сияқты нысандарда белгіленуі мүмкін.

- Нарық субъектілерінің іс-әрекеттерін келісілген деп тану үшін не қажет?
- Нарық субъектілерінің іс-әрекеттерін келісілген деп тану үшін мынадай талаптарды орындау қажет:
  1) нарық субъектілерінің іс-әрекеттері үш ай мерзім ішінде қатар жасалуы тиіс және нәтижесінде нарық субъектілерінің әрқайсысы келісілген іс-әрекеттердің болмауы салдарынан көзделмеген пайда алуы қажет;
  2) нарық субъектілерінің осы іс-әрекеттері олардың әрқайсысына алдын ала белгілі болуы тиіс;
  3) аталған нарық субъектілерінің әрқайсысының іс-әрекеттері осы нарық субъектілеріне тең дәрежеде ықпал ететін мән-жайлардың салдары болып табылмауы тиіс.

- Жосықсыз бәсекелестік деп не түсіндіріледі?
- Жосықсыз бәсекелестік деп құқыққа сыйымсыз артықшылықтарға қол жеткізуге немесе оларды беруге бағытталған, сондай-ақ тұтынушылардың заңды құқықтарын бұзатын бәсекелестіктегі кез келген іс-әрекеттер түсіндіріледі.
  Олар мыналар:
  1) тауар таңбаларын, буманы құқыққа сыйымсыз пайдалану;
  2) басқа өндірушінің тауарын құқыққа сыйымсыз пайдалану;
  3) бұйымның сыртқы түрін көшіріп алу;
  4) нарық субъектісінің беделін түсіру;
  5) көрінеу жалған, жосықсыз және дәйексіз жарнама;
  6) мәжбүрлі ассортиментпен тауар өткізу;
  7) сатушыға (өнім берушіге) бойкот жасауға шақыру;
  8) сатып алушының (өнім берушінің) беделін түсіруге шақыру;

  9) нарық субъектісін бәсекелеспен шартты бұзуға шақыру;
  10) сатушының (өнім берушінің) қызметкерін сатып алушылық;
  11) сатып алушының қызметкерін сатып алушылық;
  12) коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты құқыққа сыйымсыз пайдалану болып табылады.

- Мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттері неден көрінеді?
- “Бәсекелестік туралы” Қазақстан Республикасының Заңымен мемлекеттік органдардың бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға немесе тұтынушылардың заңды құқықтарына қысым жасауға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін актілер не шешімдер, жазбаша немесе ауызша нұсқаулар қабылдаудан, келісімдер жасасудан немесе өзге де іс-әрекеттер жасаудан көрінетін бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттеріне, мұндай іс-әрекеттер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тыйым салынады және олар толықтай немесе ішінара жарамсыз деп танылады.

- Монополияға қарсы орган қандай жағдайларда тергеу жүргізеді?
- Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуы туралы мәліметтердің монополияға қарсы органға келіп түсуі тергеуді бастау үшін негіз болып табылады, олар:
  1) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуы көрсетіле отырып, мемлекеттік органдардан келіп түскен материалдар;
  2) жеке немесе заңды тұлғаның өтініші;
  3) монополияға қарсы органның өз қызметін жүзеге асыруы кезінде нарық субъектілерінің іс-әрекеттерінен Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылу белгілерін анықтауы;
  4) бұқаралық ақпарат құралдарының монополияға қарсы органға өтініші болып табылады.

- Монополияға қарсы заңнаманың бұзылуына тергеу қалай жүргізіледі?
- Монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын тергеу екі кезеңде өткізіледі:
  1) монополияға қарсы заңнаманың бұзылуы туралы мәліметтерді алдын ала қарау;
  2) монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын тікелей тергеу.
Монополияға қарсы заңнаманың бұзылуы туралы мәліметтерді алдын ала қарау бір ай ішінде жүргізіледі.
Алдын ала қарау нәтижелері бойынша мынадай:
  1) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуына тергеу жүргізу туралы;
  2) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуына тергеу жүргізуден бас тарту туралы шешімдердің бірі қабылданады.

- Тергеу жүргізудің мерзімі қандай?
- Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеу екі айдан аспайтын мерзімде жүргізіледі. Істі тергеу мерзімі екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

- Монополияға қарсы орган тергеу нәтижелері бойынша қандай шешім қабылдай алады?
- Монополияға қарсы орган Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеу нәтижелері бойынша мынадай:
  1) осы Заңның 66-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеуді тоқтату туралы;
  2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы;
  3) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын жою туралы нұсқама шығару туралы;
  4) не қылмыстық іс қозғау үшін материалдарды құқық қорғау органдарына беру туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

- Монополияға қарсы орган қандай жағдайда монополияға қарсы заңнаманың бұзылуына ден қояды?
- “Бәсекелестік туралы” ҚР Заңына сәйкес монополияға қарсы орган ден қоюдың мынадай:
  1) нарық субъектілеріне осы Заңды бұзуды тоқтату және (немесе) олардың салдарын жою, бастапқы жағдайды қалпына келтіру туралы және т.б. орындалуға міндетті нұсқамалар беру;
  2) мемлекеттік органдарға өздері қабылдаған актілердің күшін жою немесе оларды өзгерту туралы, бұзушылықтарды тоқтату, сондай-ақ өздері жасаған, осы Заңәа қайшы келетін келісімдерді бұзу немесе өзгерту туралы орындалуға міндетті нұсқамалар беру;
  3) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік жазалар қолдану;
  4) сотқа талап қойып және өтінішпен жүгінуге, сондай-ақ соттар Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының қолданылуы мен бұзылуына байланысты істерді қараған кезде процестерге қатысу құралдарына ие.

- Монополияға қарсы заңнаманы бұзу қандай жауаптылыққа әкеп соғады?
- Монополияға қарсы заңнама бұзылған жағдайда ҚР ӘҚК-нің 147-бабында көзделген субъектілердің бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттерді жасағаны, бәсекелестікке қарсы келісімдерді жасағаны, сондай-ақ нарық субъектілерінің өзінің үстем және монополиялық жағдайларын теріс пайдаланғаны үшін жауаптылық монополияға қарсы орган тергеу нәтижелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды. ҚР ӘҚК-нің 541-бабына сәйкес істің осы санаттарын қарау жөніндегі құзырет сотқа берілген. Осыған байланысты, монополияға қарсы орган әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасағаннан кейін қарау үшін материалдарды сотқа береді. Бұдан басқа, ҚР ӘҚК-нің 147-бабында көрсетілген іс-әрекеттер қайталап жасалған жағдайда соттың аса қатаң әкімшілік жаза қолдану мүмкіндігі көзделген. Сонымен қатар, сот нарық субъектісінің монополиялық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алған барлық монополиялық табысын тәркілеуі мүмкін. Егер монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірілген, сондай-ақ егер нарық субъектісі ірі мөлшерде табыс тапқан жағдайда монополияға қарсы орган тергеу нәтижелері бойынша материалдарды ҚР ҚК-нің 196-бабында көзделген қылмыстық істі қозғау үшін құқық қорғау органына береді.
Көрсетілген нормаға сәйкес сомасы жүз мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын табыс ірі мөлшердегі табыс деп танылады. ҚР ӘҚК-нің 147-2-бабында экономикалық шоғырлану кезiнде нарық субъектiлерiнiң заңсыз iс-әрекетті жасағаны үшін жауаптылық көзделген. ҚР ӘҚК-нің 147-3-бабында монополияға қарсы органның нұсқамаларын орындамағаны, ақпарат беру жөнiндегi мiндеттемелердi бұзғаны, сондай-ақ үй-жай мен аумаққа кiруге кедергi жасағаны үшін жауаптылық көзделген. Мемлекеттiк органдардың бәсекелестікке қарсы iс-әрекетi үшін , жосықсыз бәсеке үшін жауаптылық ҚР ӘҚК-нің 147-4-бабында көзделген. ҚР ӘҚК-нің 565-бабына сәйкес істің осы санаттары бойынша монополияға қарсы органға көрсетілген істерді қарау және көрсетілген баптарда көзделген әкімшілік жазаларды қолдану жөніндегі құзырет берілген.










 
 
 
 
 
 
 
 
Сізге сайт дизайны ұнайды ма?




 
 

Казахских тенге курсы валют Прага
(RUB) //-//
Евро (EUR) //-//
Доллар США (USD) //-//