Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті Қорғау Агенттігі (Монополияға Қарсы Агенттік)

Архив новостей


Тауар нарықтарындағы бәсекелестік қандай деңгейде?



GISMETEO: Погода по г.Астана

Курсы валют Нацбанка РК
prodengi.kz
Логин:


Пароль:







 

 «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 
20 жылы»

«20 лет мира и созидания»



Басты бет » Жаңалықтар

Жаңалықтар таспасы

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ

03 желтоқсанның 2011 ж.

2011 жылғы 28 қарашада ҚазТАГ Қазақстан Республикасының бірқатар өңірлерінде азық-түлік тауарларының жекелеген түрлеріне бағалардың өсуіне қатысты ақпаратты жариялады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) және аумақтық бөлімшелер күн сайын жүргізетін азық-түлік тауарларының жағдайы мен бағаларына мониторинг жоғарыда аталған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін растайды.

Республика өңірлерінде азық-түлік тауарларының жекелеген түрлеріне, оның ішінде ҚазТАГ-тың ақпаратында көрсетілген тауарларға бағалардың төмендегені байқалуда.

Ақтөбе қаласында қанттың бөлшек сауда бағасы 125-131 тенге/кг (ҚазТАГ-тың ақпараты бойынша - 145 теңге/кг) құрайды. Қызылорда қаласында қант 134-135 теңгеге/кг (ҚазТАГ-тың ақпараты бойынша – 170 теңге/кг) төмендеді. Орал қаласында қанттың орташа бөлшек сауда бағасы 114-140 теңге/кг (ҚазТАГ-тың ақпараты бойынша – 145 теңге/кг). Қостанай қаласында қант 122-124 теңге/кг (ҚазТАГ-тың ақпараты бойынша – 160 теңге/кг) баға бойынша өткізілді.

Ағымдағы жылғы шілде - желтоқсан айларында қантты отандық өндірушілердің босату бағалары 38,1%-ға, 192-ден 119 теңгеге/кг төмендеді.

Қызылорда қаласында қарақұмық жармасының бөлшек сауда бағасы дүкендерде 214-411 теңге/кг, қаланың сауда нарықтарында 350 теңгені/кг (ҚазТАГ-тың ақпараты бойынша – 420 теңге/кг) құрады. Қостанай қаласында қарақұмық жармасы 200-240 теңге/кг (ҚазТАГ-тың ақпараты                           бойынша - 320 теңге/кг) баға бойынша өткізілді.

Өскемен қаласында жеміс-көкөніс өнімдері қазан - қараша айларында арзандады, оның ішінде картоп 8,7%-ға (92-ден 84 теңгеге/кг), басты пияз 12%-ға (92-ден 81 теңгеге/кг), қырыққабат 2,1%-ға (48-ден 47 теңгеге/кг) және т.б. арзандады.

Қарағанды қаласында картоптың құны 44-49 теңгені/кг, пияздың құны 30-50 теңгені/кг құрады.

Семей қаласында сүттің 1 литрі 157 теңге/литр баға бойынша өткізілді.

Өскемен қаласында күнбағыс майының бағасы 235-252 теңгені/литр құрады. Бұл ретте, ағымдағы жылғы өндірушілердің көтерме сауда бағалары қазан айында 250 теңгеден/литр желтоқсан айында 230 теңгеге/литр төмендеді. Петропавл қаласында күнбағыс майына бөлшек сауда бағасы 285 теңге/литр, Қостанай қаласында 289-298 теңге/литр құрады.

Статистика органдарының деректері бойынша ағымдағы жылғы қараша айында республика бойынша бөлшек сауда бағалары қант - 8,3%-ға, қарақұмық жармасы - 3,5%-ға, картоп - 3,2%-ға, сәбіз - 3,6%-ға, басты пияз - 3,4%-ға, күнбағыс майы - 0,3%-ға төмендеді.

Тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасының өңірлерінде азық-түлік тауарлары нарығындағы жағдай тұрақты, бағалардың төмендеуі байқалады, тапшылық пен дүрлікпе күтілмейді.

Осылайша, ҚазТАГ жариялаған бағалардың өсуі туралы ақпарат расталмады.

 

Агенттіктің Жиынтық талдау және

ақпараттық сүйемелдеу басқармасы

 (7172) 74-96-33

www.azk.gov.kz

 


артқа
test