Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті Қорғау Агенттігі (Монополияға Қарсы Агенттік)

Архив новостей


Тауар нарықтарындағы бәсекелестік қандай деңгейде?



GISMETEO: Погода по г.Астана

Курсы валют Нацбанка РК
prodengi.kz
Логин:


Пароль:







 

 «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 
20 жылы»

«20 лет мира и созидания»



Басты бет » Жаңалықтар

Жаңалықтар таспасы

Баспасөз-релизі

22 қарашаның 2011 ж.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінде (Монополияға қарсы агенттік) басқарманың отырысы өткізілді.

 

Тұрақты (ішкі) рейстермен жолаушыларды авиатасымалдау қызметтері нарығына, төлем карточкалары арқылы жүзеге асырылатын ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерін жүргізу бойынша қызметтері нарығына жүргізілген талдау нәтижелері бойынша басқарма Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады. Тұрақты (ішкі) авиамаршруттармен жолаушыларды авиатасымалдау қызметтері» қызмет түрі бойынша «Эйр Астана» АҚ, «SCAT» авиакомпаниясы» АҚ, «Семейавиа» АҚ және «Иртыш Эйр» АҚ, төлем карточкалары арқылы жүзеге асырылатын ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерін жүргізу» қызмет түрі бойынша «Халық банк» АҚ және «Қазкоммерцбанк» АҚ-ы Тізілімге енгізілді.

        Басқарма отырысында 7 нарық субъектісіне және 1 мемлекеттік органға қатысты монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын тергеу қорытындылары қаралды.

        Бірқатар субъектілердің іс-әрекеттері:

-                     «Эфес Қарағанды Сыра қайнату зауыты» шетелдік кәсіпорны» АҚ-ның іс-әрекеттерінде сатушыға (өнім берушіге) бойкот жасауға шақыру («Бәсекелестік туралы» ҚРЗ-ның 16-бабының 2-т. 6) және 7) т.);

-                     «Рахмет» супермаркеттер желісі» ЖШС-ның іс-әрекеттерінде дәйексіз жарнаманы тарату («Бәсекелестік туралы» ҚРЗ-ның 16-бабының 2-т. 5) т.);

-                      «Петропавловский ликероводочный завод» ЖШС-ның іс-әрекеттерінде бұйымның сыртқы түрін көшіріп алу(«Бәсекелестік туралы» ҚРЗ-ның 16-бабының 2-т. 3) т.);

-                     «Торговая Компания МДМ» ЖШС-ның іс-әрекеттерінде көрінеу жалған, жосықсыз және дәйексіз жарнама («Бәсекелестік туралы» ҚРЗ-ның 16-бабының 2-т. 5) т.) бөлігінде олардың іс-әрекеттері жосықсыз бәсеке ретінде сараланды.

-                     «БҚО-ның Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-нің  іс-әрекеттерін тергеу қорытындысы бойынша нарық субъектісінің қызметін жүзеге асыруына негізсіз кедергі келтіру бойынша, сондай-ақ нарық субъектісінің тауарды белгілі бір өнім берушіден бірінші кезекте сатып алу туралы және басымдық тәртіппен шарттар жасасу туралы нұсқаулар (Заңның 16-б. 2-т. 5) т) бөлігінде оның іс-әрекеттері мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттері ретінде сараланды.  

«Көмекбаев Е.Б.» ЖК мен «Омарова З.С.» ЖК- ның іс-әрекеттері ЖЖМ-ге бағаларды белгілеу және ұстап тұру бөлігінде (Заңның 11-бабының 1-т.1) т.) бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер ретінде сараланды. Аталған кәсіпкерлер сонымен қатар 2011 жылғы 12 – 16 тамыз аралығында Аи-92 маркалы бензин бағасын 4 теңгеге (106 тг/л.-ден 110 тг/л.-ге дейін) көтерген.

Тергеу нәтижелері бойынша басқарма ӘҚБтК-нің 147-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғау туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ отырыста экономикалық шоғырлануға өтінішхаттар қаралды. Басқарма бәсекелестікті шектеуге жол бермеу шартымен оң шешімдер қабылдады, себебі мақұлданған мәмілелер нәтижесінде мына нарық субъектілері: «LG Chem, Ltd» компаниясының, «Алтын-Бидай 2000» ЖШС, «Tau (Cayman) L.P.» компаниясы, «Roslicor B.V.» компаниясы, «Rezervior Services» ЖШС, «HAMILTON SERVICES LIMITED» компаниясы, «BEIMAR OIL» ЖШС, «Газпром нефть – Казахстан» ЖШС, «Центрально-Азиатская топливно-энергетическая компания» АҚ, «Ropiton Holding B.V.» компаниясы, «Сан Ойл» ЖШС, «Линде Материал Хэндлинг Казахстан» ЖШС-ы бойынша бәсекелестікке теріс ықпал етуге қабілетті шоғырландыру күшейтілмейді. Бірқатар өтінішхаттар бойынша материалдарды қосымша зерделеу туралы шешім қабылданды.

 

 

Агенттіктің Жиынтық талдау және

ақпараттық сүйемелдеу басқармасы

(7172) 74-96-31

www.azk.gov.kz

 


артқа
test