Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті Қорғау Агенттігі (Монополияға Қарсы Агенттік)

Архив новостей


Тауар нарықтарындағы бәсекелестік қандай деңгейде?



GISMETEO: Погода по г.Астана

Курсы валют Нацбанка РК
prodengi.kz
Логин:


Пароль:







 

 «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 
20 жылы»

«20 лет мира и созидания»



Басты бет » Жаңалықтар

Жаңалықтар таспасы

Ақпараттық хабарлама

09 қарашаның 2011 ж.

2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілген «Бәсекелестік туралы» Заңда экономикаға мемлекеттік қатысуды жоспарлы қысқарту көзделген.

Бұл ретте Агенттік жүргізіген жұмыс экономикадағы квазимемлекеттік құрылымдардың елеулі бөлігін (6000 астам кәсіпорындар) көрсетті, бұдан басқа олардың жыл сайын ұлғаюы байқалады.  

Осыған байланысты «Бәсекелестік туралы» Заңның 77 мен 78-баптарын іске асыру шеңберінде Агенттік бәсекелес ортада бәсекелес нарыққа беруді талап ететін ұыймдарды айқындау арқылы мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттің қатысуымен АҚ, ЖШС және олармен аффилиирленген тұлғалардың қызметін реттеу бойынша жұмыс жүргізуде.

Мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғаларды бәсекелес ортаға беруі экономика секторларында бәсекелестіктің дамуына серпін береді, оларға жеке капиталын тартады, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына оң әсер етеді.   

«Бәсекелестік туралы» Заңның 77 мен 78-баптарын іске асыру уақытында Агенттік мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалардың одан әрі жүргізетін қызметіне келісім беру туралы 4 991 өтінішхатын қараған, соның ішінде 4 635-не одан әрі жүргізетін қызметіне келісім берілді (оның ішінде 505-не жарғыдан жекелеген қызмет түрлерін алып тастаған жағдайда), 356-на одан әрі жүргізетін қызметіне келісім беруден бас тартылды.

Бұл ретте ағымдағы жылғы 4 қарашадағы жағдай бойынша Агенттікке шамамен 240 мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалар өтінішхаттармен жүгінбеген.

«Бәсекелестік туралы» Заңның 77, 78-баптарына сәйкес одан әрi жүргiзетiн қызметiне монополияға қарсы органның оң қорытындысын алмаған, акцияларының (үлестерiнiң) 50% астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген тұлғалардың акциялары (үлестерi) 2012 жылғы 1 сәуірге дейін сауда-саттыққа шығарылуы тиiс.

Одан әрі жүргізетін қызметіне оң қорытындысын алмаған мемлекеттік кәсіпорындар жекешелендірілуі немесе мемлекеттік мекеме болып қайта құрылуы тиіс.

Осыған байланысты монополияға қарсы органға өтінішхатты уақтылы бермегендіктен мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғаның жұмыс істеуіне қауіп төнуіне жол бермеу мақсатында мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалар одан әрі жүргізетін қызметіне келісім беру туралы өтінішхаттарын ағымдағы жылғы 20 қарашаға дейінгі мерзімде беруді қамтамасыз ету қажет.  

Бұл ретте Агенттікке келіп түскен өтінішхаттарды тізбе бойынша салыстыруды (7172) 74 96 85, 74 96 83, 74 96 38 телефондары арқылы жүргізуге болады.


артқа
test