Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті Қорғау Агенттігі (Монополияға Қарсы Агенттік)

Архив новостей


Тауар нарықтарындағы бәсекелестік қандай деңгейде?



GISMETEO: Погода по г.Астана

Курсы валют Нацбанка РК
prodengi.kz
Логин:


Пароль:









 

 «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 
20 жылы»

«20 лет мира и созидания»


Басты бет » Жаңалықтар

Жаңалықтар таспасы

Ақпараттық хабарлама

16 қыркүйектің 2011 ж.

2011 жылғы 14-15 қыркүйекте Алматы облысы (Талдықорған қаласы), Алматы қаласы әкімдіктерінде Қазақстан  Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі Алматы облысы және Алматы қаласы Қаржы басқармаларымен, «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ-мен бірлесіп «Мемлекетік мүлік туралы»  2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан  Республикасы Заңы  мемлекеттік қатысумен мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың одан әрі қызметі бөлігінде монополияға қарсы заңнаманы түсіндіру» тақырыбында семинарлар өткізді.  Семинарға Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің, ҚР Экономикалқы даму және сауда  министрлігінің, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің өкілдері қатысып баяндама жасады.

 

«Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 77,78-баптарына сәйкес  мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттің қатысумен заңды тұлғалар ол қолданысқа енгізілген күннен бастап (мемкәсіпорындар үшін) екі жыл ішінде, (мемқатысуымен заңды тұлғалар үшін) үш жыл ішінде өзінің тиісті тауар нарығында одан әрі жүргізетін қызметіне монополияға қарсы органның оң қорытындысын алуға міндетті.

 

Заңды іске асыру кезінде Алматы қаласының 314 коммуналдық  кәсіпорындарының ішінен 285 кәсіпорындар монополияға қарсы органның оң қорытындысын алды, 20-кәсіпорынның одан әрі қызметіне бас тартылды; Алматы облысы бойынша барлығы 327 өтінішхат қаралды, 296 келісілді,      31 бас тартылды.

 

Коммуналдық кәсіпорындардың одан әрі қыметіне  бас тартудың және жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыруға бас тартудың басты себептері: кәсіпорындар жұмыс істейтін нарықтардағы дамыған бәсекелес ортаның болуы, мемкәсіпорындар қызмет түрлерінің заңнамаға сәйкес келмеуі, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың бейінді емес, негізгі мақсатына сәйкес келмейтін  қызмет түрлерін жүзеге асыруы болып табылады.

 

Семинар барысында оның қатысушылары «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңына оның мемлекеттік кәсіпорындар жұмыс істеуі мүмкін жекелеген қызмет түрлерін нақтылау бөлігінде өзгертулер енгізу қажеттілігі  туралы ұсыныстарын білдірді.

 

Семинар қатысушыларына  сұрақ қоюға және  өз сұрақтарына нақты жауаптар алуға мүмкіндік берілді.


артқа
test