Жаңалықтар таспасы
08.05.2012
Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері!
Құрметті отандастар!
Жеңіс күні – бұл Отанымызға қалқан болған, қан майданда жан берісіп, жан алысқан, елі үшін отқа түскен біздің хас батырларымыз бен ардақты ардагерлеріміздің арқасында қол жеткен мейрам. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) атынан және өз атымнан Сіздерді осынау Ұлы Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Әрқашанда аспанымыз ашық болып, еліміздің тыныштығы бұзылмай, береке-бірлікте, татулықта ғұмыр кешейік.
Сіздерге және Сіздердің жақындарыңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, құт-береке, табыс, мерекелік көңіл күй тілеймін.
Осы күн барлық қазақстандықтардың патриотизм, интернационализм және ерлік күні болсын!
Зор құрметпен,
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау
(Монополияға қарсы агенттік)
агенттігінің төрағасы
Ғ.Р.Әбдірахимов

04.05.2012
2012 жылғы 3 мамырда сағат 15.00-де Бәсекелестікті қорғау агенттігінде Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі үйлестіруші кеңестің кезекті отырысы өтті.
03.05.2012
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы
28.04.2012
25.04.2012
13.04.2012
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінде (Монополияға қарсы агенттік) Әдістемелік кеңестің отырысы өтті
















